Қазақстандағы уақытша үкіметтің билік орындарының қоғамдық ұйымдармен байланысы

Авторлар

  • Т Mekebaev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы Уақытша үкіметтің билік орындарының қоғамдық ұйымдармен байланысы мәселесі қарастырылған. Бүгінгі таңда Уақытша үкімет билік орындарының қоғамдық-саяси ұйымдармен қатынасын, ол қатынастың қалыптасу және өзгеру динамикасын талдап көрсету – тарих ғылымының бірден-бір міндеті. Ресей империясының құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ халқы да Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетеді. Қазақ оқығандарының өкімет билігіне қол жеткізуі, ұлттық қоғамдық-саяси ұйым – қазақ комитеттерінің өмірге келуі, тұңғыш ұлттық саяси партияның құрылуы және оның автономия үшін күресі, зиялылардың земстволық басқару жүйесін орнатуға атсалысуы. Құрылтай жиналысы сайлауына қатысуы сияқты саяси оқиғалар ағымы Уақытша үкімет тұсында жүзеге асады.
Мақалада зерттеу еңбектеріне негізделе отырып, Қазақстанда Уақытша үкімет өзінің саясатын жүзеге асыруда сүйенген қазақ комитеттері, мұсылмандар комитеті және тағы басқа қоғамдық негіздегі ұйымдардың қызметі сипатталады. Сонымен қатар, мақалада 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін түрлі ұлттық, қоғамдық негізде құрылған ұйымдар мен өкімет органдарының қарым-қатынасы қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы