Елбасы еңбектеріндегі ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты тұжырымдарға талдау

Авторлар

  • B. Karibaev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Автор бұл мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ортағасырлық Қазақстан тарихының өзекті мәселелері жөнінде айтқан пікірлері мен жасаған тұжырымдарына кең түрде ғылыми талдаулар жасайды. Елбасы еңбегіндегі: «Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихы үшін белесті кезең болды», «Қазақ хандығының құрылуының саяси және қоғамдық мән-маңызына оның Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» – деген тұжырымдарды талдай келе, автор олардың ғылыми жақтарына ерекше назар аударады да, бұл тұжырымдарды тарихи деректер мен тарихнамалық зерттеулер материалдарына сүйеніп тереңірек түсіндіреді. Сондай-ақ, автор Елбасының қазақ этногенезі, қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этникалық үрдістер кезеңдер мәселелері бойынша айтқан, сондай-ақ «қазақ», «өзбек» этнонимдері туралы жасаған тұжырымдарына да тоқталады. Аталған атаулардың түп-төркіні, мәні мен мазмұны жөнінде терең қарастыра келе, автор ол тұжырымдардың ғылыми сипатының құнды екендігіне назар аударады. Жалпы қорыта келе, автор Елбасы еңбегіндегі ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты тұжырымдардың зерттеушілер үшін теориялық негіздер бола алады деп санайды.
Түйін сөздер: Елбасы, этногенез, Қазақ хандығы, «өзбек», «қазақ».

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы