Ақмола Есіл бойының ортағасырлық ғұрыптық ескерткіштерін зерттеу (2018 жылғы барлау жұмыстарының материалдары бойынша)
DOI:
10.26577/jh-2019-3-h15Аңдатпа
2018 ж. жазда К.А. Ақышев атындағы Археология ҒЗИ барлау отрядымен Солтүстік Сарыарқаның екі ауданында: Есілдің жоғарғы ағысында және Теңіз-Қорғалжын оазисінде барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған аудандағы ежелгі және ортағасырлық ескерткіштерді іздеу болды. Теңіз-Қорғалжын ойысы мен Нұра өзенінің жоғарғы ағысының теңіздер жүйесі мекен етуге ежелден де бүгінгі күні қолайлы. Алайда, қазірге дейін бұл аймақ аз зерттелген. Бұл жұмыста жаһандық жайғастыру жүйесінде ескерткіштің координаттарын көрсете отыра картаға түсіру, зерттеуге тиіс археологиялық нысандарды қашықтықтан зерттеу, сипаттау, фотосуретке түсіру әдістері қолданылды. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында бұл күнге дейін белгісіз болған нысандар тіркелді. Олар көлдерден 50-ден 350 метрге дейін қашықтықта созылып жатқан орлар. Бұл құрылыстардың қандай мақсатқа арналғандығы маңызды және түсініксіз болып қалып отыр. Барлау нәтижесінде анықталған ескерткіштер 3 топқа бөлінді. Сонымен қатар бұрын зерттелген ескерткіштерді: Жәнібек-Шалқар және Батағай мавзолейлерін тексеру жүргізілді. Оларды зерттеу кезінде жаңа әдістерді пайдалану бұл нысандардың жаңа қырларын ашуға септігін тигізді. Бұл ортағасырлық ғұрыптық нысандарды кешенді зерттеу үшін жарияланған деректерге талдау жүргізілді.








