Фашизммен күрескен Кристиан Диор музасы Алла Ильчуннің (Ельшин) қазақ-орыстық шығу тегі (10 желтоқсан 1926 – 6 наурыз 1989 ж.)

Авторлар

  • G. Mendikulova Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті image/svg+xml
  • E. Nadezhuk Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-3-h13

Аңдатпа

Мақала Алла Ильчунге (Ельшин) арналған, оның шығу тегі қазақ пен орыс ұлтына жатады және ол Францияның тарихы мен мәдениетінде өз ізін қалдырған. Алла Ильчун бүкіл әлемге белгілі модель Кристиан Диордың музасы болған. Кейбір деректер бойынша, ол фашизмге қарсы француз Қарсыласу қозғалысына қатысқан. Ресей мен Қазақстан архивтерінен табылған құжаттар мен материалдарға сүйене отырып, авторлар Алла Ильчуннің қазақтан шыққан тегін, оның отбасы тарихын, қазақ әкесі мен орыс шешесінің тағдырын, сонымен қатар, осы бір ғажап әйел тұлғаның европалық модаға қосқан үлесін зерттейді. Санкт-Петербург пен Алматы архивтерінен Алла Ильчуннің әкесінің биографиясын зерттеуге және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жаңа құжаттар анықталды. Авторлар Мәскеу архивінен Алла Ильчуннің қайтыс болған және жерленген күні туралы бұрын белгісіз болып келген мәліметтерді тапты. Керемет модель және стиль иконасы Алла Ильчуннің қазақ-орыстық шығу тегі туралы құжаттар мен материалдарды қосымша жинақтау жұмысы Парижде, Ресейде және Қытайда жүргізілуі тиіс.

Жарияланды

2019-10-01

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы