1870 жылдардағы Ресей Түркістаны: америка дипломатының жазбалары
DOI:
10.26577/jh-2019-3-h12Аңдатпа
1860 жылдары Ресей империясының Орталық Азияны қарқынды жаулап алуы тарихи оқиға екені белгілі, бірақ ол әлі күнге дейін жауабын беруге қиыншылықтар туындатады. Ағылшын тарихшысы А. Моррисон (Morrison 2014) атап өткендей, бұл оқиғаның негізгі түсініктемелері екі бағытпен: «Үлкен ойын» оның қауіпсіздік концепциясымен (Carrere d’ Encausse, Pierce, Bennigsen 1969; Morrison 2008) және «Мақта мифі», негізінен Кеңес тарихшыларының еңбектерінде сараланған (Халфин 1960; Халфин 1965; Kastel’skya 1980). Дегенмен, тарихшылар Ресейдің Орталық Азияны басып алуға қатысты үшінші елдердің наразылығына назар аудармаған. Бұл мақаланың мақсаты Britain‘s Foreign Office (Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі) құжаттарын пайдалану арқылы 1870 жылдардағы ресейлік отарлау саясаты туралы түсінігімізді кеңейту. Мақала Санкт-Петербургтегі америкалық дипломатия миссиясының хатшысы Юджин Шайлердің баяндамасы негізінде, 1874 жылы Ресей Түркістанына барған сапарынан кейін жазылған. Ол Ресей әкімшілігінің әлсіз жерлерін аша отырып, сол кезеңде Ресей ағылшындардың қатысуын азайтып, өңірдегі жағдайды «теңестірді».








