Батыс Қазақстанның Нарын құмдарындағы дөң ескерткіштерінің зерттелу тарихы
DOI:
10.26577/jh-2019-3-h11Аңдатпа
Мақалада Батыс Қазақстан аумағындағы Нарын құмдарының тас дәуірі жөніндегі мәліметтер берілген. Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында орналасқан Нарын құмдары Кавказ, Шығыс Еуропа жазығы, Оңтүстік Орал, Батыс Қазақстан, Таяу Шығыс сынды өңірлердің аралығындағы транзиттік аймақ болып саналады. Нарын құмдары 50-жылдардың ортасынан бастап, кейін 60-жылдардың соңында, 70-жылдардың басы мен 80-жылдары зерттеу нысанына айналып, тас дәуірінен бастап ортағасырлық кезеңге дейінгі аралықтағы ежелгі мәдениеттердің бірқатар мәселелері зерттелді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Нарын құмдарындағы мезолитнеолит кезеңдері бойынша ауқымды мәліметтер жинақталып, олар мезолиттік сероглаз мәдениетінің, неолиттік каиршак-тентексор мәдениеті мен энеолит кезеңіне жататын Каспий маңы мәдениеттерінің бөлініп шығуына негіз болды. Мақалада Батыс Қазақстандағы Нарын құмдарының дөңдік ескерткіштерін зерттеуге бағытталып және оларға А.Н. Мелентьев пен Л.Л. Галкин жетекшілік жасаған Астрахань және ЕділЖайық экспедицияларының архивтік материалдары талданды. Сонымен қатар, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Сорайдың көлінің маңында жүргізген жұмыстарының нәтижелері қарастырылды. Бұл өңірдің тас дәуіріне қатысты зерттеулер жүйеленіп, аталған кезеңге жататын ескерткіштердің орналасу аумақтары көрсетілген. Сонымен қатар, өңірдегі тас дәуіріне қатысты зерттеулердің жүргізілмеген аймақтары да белгіленген.








