ЖӘДИДШІЛДІК – ХІХ-ХХ ҒАСЫРЛАР МЕЖЕСІНДЕГІ ИСЛАМДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
DOI:
10.26577/jh-2019-3-h9Аңдатпа
Исламдағы модернизация мәселесінің өзектілігі соңғы жылдары барынша артып отыр. Бұл ең алдымен, әлемде орын алып отырған жаһандану және интеграция үрдістерімен байланысты, бұл мәселелерде ислам өркениеті әлемдік дамудың балама даму жолдарын ұсынады. Сондай-ақ Қазақстан қоғамында жүріп жатқан рухани жаңғыру үдерісі де мәселені зерттеудің өзектілігін арттырып отыр. Ислам, әлемдік дін ретінде терең модернизациялық үдерістерді бірнеше рет бастан кешірді, қазіргі таңда да осындай үдерістер жүріп жатыр. Қазіргі таңдағы исламдағы модернизация үдерісін жақсы түсінуіміз үшін өткен тарихтағы осындай үдерістер тарихын зерттеудің, себеп-салдарлы байланыстарын анықтаудың маңызы зор. Мақала жазудағы мақсатымыз ХІХ-ХХ ғасырлар межесінде орын алған исламдағы модернизация, яғни жәдидшілдік қозғалысының сипатын ашу, оның алғышарттарын анықтап, қорытындыларына талдау жасау болып табылады.








