С.О. Шмидт деректану тарихнамасының ерекшеліктері туралы
DOI:
10.26577/jh-2019-3-h5Аңдатпа
С.О. Шмидттің «Тарихшы жолы. Деректану және тарихнама бойынша таңдаулы еңбектер» атты кітабын ғылымда пайдалану оның тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдениет саласы қызметіндегі тарихнаманың зерттеу технологиясының ғылыми қойылымы мен дереккөздерге қатысты ғылыми ұстанымдарының практикалық көрінісі ретінде анықталады. Осы автордың әдістемелік нұсқаулықтары тарихнамалық зерттеу шеңберінде де, сондай-ақ ірі ғалымдардың еңбектеріне қарап және олардың деректану талдауының әдістемесін зерттеу қажет жас тарихшылар тарапынан да үлкен ғылыми қызығушылық танытады. Автордың ғылыми мұрасында көптеген әдіснамалық аспектілер бар. Біз үшін олардың кейбіреулері: тарихнама мен деректанудың, деректанулық және тарихи зерттеулердің өзара байланысы; танымның логикалық рәсімдері, яғни оның дереккөздерді талдау әдістемесі; тарихнамалық деректерді, тарихнамалық дәстүрді зерттеу проблемасын қою; деректанудағы сабақтастық; тарихнамалық деректер кешенін кеңейту; ауызша тарихты тарихнамалық дереккөз ретінде тану аса маңызды. Деректану тарихында авторлардың тарихи дереккөздермен жұмыс жасау тәсілдерін зерттеу маңызды, өйткені тарихи зерттеудің және кез келген тарихи білімді көпшілікке таратудың негізі болып табылады.








