Революцияға дейінгі деректердегі қазақ көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру мәселесі

Авторлар

  • A. Zharassov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h32

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басында патшалық әкімшіліктің отаршылдық
саясатын күшейту кезеңінде көшпелілерді отырықшыландыру мәселесі талданады. Көшпелі
және жартылай көшпелі шаруашылықтардың отырықшыландыру мәселесі бойынша әртүрлі
көзқарастар қарастырылады. Сол кездері Ресей империясының лауазымды тұлғалары мен
мемлекеттік қызметкерлері болған әр түрлі авторлардың шығармаларындағы көзқарастарына
талдау жүргізді. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап, әкімшілдік реформалар үдерістер негізінде
отаршылдық саясаттың күшеюі басталады, бұл қоныс аудару саясатының белсенді өте бастауы,
қазақтарды жайылымдардан ығыстыру, көшпелі шаруашылықтардың отырықшыландыруын
ынтыландыру арқылы жүргізіледі. Мақала Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік
мұрағатының қорынан, жарияланған материалдардан және әртүрлі зерттеушілердің революцияға
дейінгі еңбектерінің мәліметтеріне негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы