Алтын Орданың саяси тарихы: методологиясы және тарихи парадигмалар

Авторлар

  • Z. Maidanali Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h29

Аңдатпа

Мақалада Алтын Орданың саяси тарихы мәселелері бойынша заманауи тарихи ғылымның
теориялық-концептуалдық көзқарастары, көшпелі мемлекеттіліктің өміршеңдігі мен іс-әрекеттерінің
зерттеу парадигмалары мен қағидалары ашып көрсетіледі. Алтын Орданың саяси-әлеуметтік
өзгерістері және трансформациясын зерделеудегі тарихи ілімнің прогресі анықталады. Зерттеудің
жаңа методологиялық қағидалары негізінде қоластындағы отырықшы-егінші халықтармен
өзара іс-қимылдар және өзара ықпалдасу үдерісі айқындалады. Сонымен бірге өткен тарихи
тәжірибенің өзектілігіне және экстраполяциясына ерекше мән беріледі, мұның өзі көшпелі
өркениеттің бүкіләлемдік-тарихи жүйесіндегі орны мен рөлін белгілеуге көмектеседі. Заманауи
тарихи ой-сана жаңа теориялық-концептуалдық біліммен толыққан сайын, Алтын Орданың саяси
тарихына ескірген көзқарастардан арылуға жол ашады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы