Қытайдағы мұрағатты дамыту

Авторлар

  • G. Seksenbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h19

Аңдатпа

Архивтанудағы қазіргі қалыптасқан жағдай, архив ісі қызметінің заңнамалық негіздері,
архивтер мен архив құжаттары туралы ғылымның теориялық түсініктеріне көзқарастар, архив
тәжірибесінің әдіснамалық нормаларына, құжаттық мұраны қорғау және сақталуын қамтамасыз
етуді ұйымдастыру мәселелері – елеулі ғылыми және практикалық қызығушылық тудыруда.
Мақаланың мақсаты Қытай Халық Республикасының заманауи архив қызметіне басшылық
ететін принциптерді ашу; архив қызметінің ұйымдастыруын көрсету; құжаттарды жинақтау,
сипаттау, сақталуын қамтамасыз ету және пайдалану қызметі саласындағы маңызды архив қойма
құжаттарының құрамы мен мазмұнымен таныстыру. Аталған елдің архивтану ғылымындағы негізгі
принциптерін ашу барысында басты назар архивтанудың тарих ғылымымен қарым-қатынасына,
екінші жағынан, құжаттама ғылымымен байланыстылығы, архив саласында жаңа техникаларды
пайдалану тәжірибесін зерттеу негізіне аударылды.
Мақала тек ҚХР архив ісінің тарихи даму тәжірибесі мен қазіргі кездегі қалыптасқан ахуалымен
таныстырып қана қоймай, сондай-ақ білімнің қажеттілігі, отандық архив практикасына шетел
тәжірибесін салыстыру және қолдану мүмкіндігі туралы нақты кәсіби түсінік алуға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы