Есім хан

Авторлар

  • B. Karibayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. Utegulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h18

Аңдатпа

Авторлар бұл мақалада 1598-1628 жылдары қазақ ханы болған Есім ханның тарихи болмысына назар аударып, тарихи тұлғаны жаңаша көзқарастар тұрғысынан танып білуге ұмтылыс жасайды. Ортағасырлық жазба дерек мәліметтері мен халық ауыз әдебиетінің материалдарына және мәселеге қатысты тарихнамалық материалдарға сүйене отыра, Есім ханның билікке келгенге дейінгі, билік құрған жылдарындағы Қазақ елінің ішкі және сыртқы саяси жағдайлары қарастырылады. Есім хан өмірінің сұлтандық кезеңіндегі оның батырлық пен қолбасшылық қасиеттері дерек мәліметтеріне негізделіп айтылады. Туған ағасы Тәуекел ханнан соң тақты иеленген Есім хан Қазақ хандығы үшін аса маңызды өзгерістерді өмірге енгізеді. Яссы қаласы Қазақ хандығының саяси-әкімшілік орталығына айналып, Түркістан атауын иеленеді. Құқықтық өзгерістер «Есім ханның ескі жолы» деген халықтық атауға ие болады. Сондай-ақ қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасуы аяқталады. Мауереннахрда жаңадан билікке келген аштарханилар әулетімен келісім-шарттар жасалады. Авторлар қазақ қоғамында осындай көлемді өзгерістер енгізген Есім ханның Қазақ тарихындағы алатын орнына жоғары баға береді.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы