Көшпелі мемлекеттілікті зерттеудің кейбір мәселелері мен бағыттары

Авторлар

  • G. Sabdenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h17

Аңдатпа

Автор көшпелілік аясындағы Қазақ хандығына қатысты сауалдар көтерген ғылыми әдебиеттерге қысқаша тарихнамалық шолу жүргізген. Себебі зерттеу өзектілігі Қазақ хандығы тарихының мәселелерін шынайы, кешенді талдаумен қатар мемлекеттілік пен көшпелі қоғам контексіндегі факторларды үнемі ескеріп отырудан туындайды. Сол себепті мақалада көшпелі қоғамда орын алған мемлекеттілік мәселесіне қатысты кейбір еңбектерге баса назар аударылған. Көшпелі қоғамға деген қызығушылық ешқашан толастаған емес. Бұл жердегі мәселе қаншалықты терең әрі шынайы бағасын алғандығында болып отыр. Осыған байланысты автор тарапынан бұл бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ мемлекет анықтамасы, оның этимологиясы, белгілері, бөлшектері мен мемлекет тұрпаттары, мемлекеттің шығуы мен қызметі, саяси режим, билік пен әлеуметтік нормалары, т.б. аспектілері талданды.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы