Түркі дүниесінде табиғаттың ролі

Авторлар

  • G. Iskakova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h15

Аңдатпа

Қазіргі таңда ауаның, судың ластануы және қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы адам мен табиғат байланысы мәселесін қайта қарастыруды қажет етеді. Мақалада түркі тайпалары үлгісі негізінде Орталық Азия адамының сипаты мен образы қарастырылады. Сонымен қатар, «Ортағасырларда (VI-IX ғғ.) түркі тайпаларының табиғат туралы түсініктерін не айқындады» және «Түркі тайпалары адам мен табиғат қатынасын қандай формада бейнелей білген» деген мәселелер талданады. Демек, VI-X ғасырлары өмір сүрген түркі тайпаларының адам мен табиғат концепцияларына территориялардың географиялық ерекшеліктері және көшпелі өмір салты әсер етті. Аталған мәселе, фольклорда, көне түркі жазба деректерінде және мемлекеттік таңбаларда көрініс тапқан.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы