Өзбекстан қазақтарының материалдық мәдениеті
DOI:
10.26577/jh-2019-2-h11Аңдатпа
Мақала өз Отанынан тыс жерде өмір сүріп жатқан Өзбекстандағы қазақ ирреденттерінің дәстүрлі материалдық мәдениетіне арналады. Зерттеулер мен ел арасынан жиналған материалдар негізінде қазақтардың материалдық мәдениетінде ұлттық болмысымызды айқындайтын дәстүрлі элементтердің сақталуы мен бөгде ортаның ықпалдастығы нәтижесінде қазақ тұрмысына этноэволюциялық жолмен енген материалдық мәдениет элементтері: баспана, киім, тағамындағы ерекшеліктері жайлы мәлімделеді.
Бөгде ортада өмір сүріп отырған қазақтардың қоныстану жоспарлары, баспана ерекшеліктері, ұлттық киім үлгілері мен ас, тағамдану мәдениетіндегі дәстүрліліктің сақталуы мен жергілікті ортадан қабылдаған мәдениет элементтерін саралағанда қазақ мәдениетінде жергілікті ортаның ықпалы сөз болады. Қазақтардың дәстүрлі киімдерінде өзбек халқының шапанының сыртына ақ орамал байлап, ұлттық тақиялары «тюбетейкаларды» киюі, дәстүрлі баспаналардың есік, терезесінің көшеге қаратып салынуы, аулаға жүзім, бау-бақшаның егілуі, тапшандар мен айвандардың болуы қазақ халқының материалдық мәдениетіне өзге этностың элементтерінің ерекшелігінің көрініс табуы жайлы баяндалады.








