Әзербайжан халқының қалыптасуына ортағасырлық оғыз тайпаларының ықпалы
DOI:
10.26577/jh-2019-2-h10Аңдатпа
Мақала Еуразияның өзге көшпелі тайпалары секілді оғыздардың да ортағасырлық Батыс Азия мен Шығыс Еуропа тарихында айтарлықтай орын алғандығын ашып көрсетуге құрылған. Оғыздардың әлемдік тарих сахнасына шығып орын алуы көптеген оқиғалармен тығыз байланысты. Ол өз кезегінде Саманидтер мен Буид мемлекеттерінің өмір сүруін тоқтатуымен, Газневидтер әулетінің құлауымен және Византия империясының да құлдырауымен сәйкес келеді. Бұл дәуірдің өзіне тән ерекше оқиғалары қатарына Селжұқ империясының құрылуы мен крест жорығының басталуы жатады, сондықтан да, оғыздардың тарихи тағдыры Таяу Шығыс, Алдыңғы және Кіші Азияның көптеген аумақтарымен тығыз байланысты. Оғыздар өз кезегінде көрші елдер тарихына этникалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан да ықпалын тигізбей қоймады. Оғыз тайпаларының тарихи айшықты ізі Қара теңіз, Оңтүстік Орыс өлкесі, Балқан түбегі тарихында да қалды.
Қоныс аудара көшкен оғыздардың көптеген халықтардың халық болып қалыптасуында да өз орны бар. Этникалық қалыптасу тұрғысынан көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырған оғыздар мәселесінің даулы әрі шешілмеген тұстары көп-ақ. Мақалада әзербайжан халқының қалыптасуындағы оғыздар рөлі этнолингвистикалық және этнотопонимдік негіздемелер арқылы сарапталады.








