Шығыстанушы Эспер Ухтомский (1861-1921) Ұлы Даладағы тарихи көші-қон туралы
DOI:
10.26577/jh-2019-2-h8Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты – ХIХ ғ. Орталық Азияға келген ресейлік шығыстанушы Ухтомскийдің ұмытылған жұмысының мәтінін талдау. Зерттеу тұрғысынан осы кітаптың орны және саяхат жазбаларында жасалған басқа да жұмыстардан ерекшелігі анықталды. Тақырыптың өзектілігі «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының орындалуына негізделген. Зерттеудің ішінде Еуразия және әлем тарихында, этникалық топтардың, түркітілдес халықтардың рөлі мен орны туралы автордың түпнұсқа ғылыми гипотезасы дәлелденді. Жұмыстың практикалық және ғылыми маңызы – Қазақстанда алғаш рет Ухтомскийдің еңбектерінің, соңғы жылдары жарық көрген шетелдік тарихнамалармен салыстырмалы талдауында. Зерттеуіміздің нәтижелері тарихшылар, шығыстанушылар мен мәдениеттанушыларды дайындау барысында университеттің оқу үрдісінде қолданылуы мүмкін. Зерттеу әдістері салаға сәйкес: тарихи принципі; талдау және синтездеу; салыстырмалы; көздерді сәйкестендіру; сандық және сапалық; синхрондау және т.б. Бізге мәтіндерді салыстыру үшін және Ухтомскийдің сапарымен байланысты бірқатар оқиғаларды талдау кезінде оның саяси өмірбаянын бағалау үшін салыстырмалы әдіс қажет болды. Тарихи принципі Орталық Азиядан, Таяу Шығыстан көшіп-қонуға қатысты айтылған бастапқы гипотезаларды анықтауға мүмкіндік берді.
Түйін сөздер: Дала, Ухтомский, әдіснама, тарих, көші








