Солтүстік-Шығыс Арал маңындағы кейінгі тас ғасыры ескерткіштерінің зерттелу тарихнамасы

Авторлар

  • S. Kunitake 1Наро ұлттық құндылықтар институтының ғылыми қызметкері, Жапония, Наро қ
  • G. Bexeitov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • I. Kurmaniyazov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h5

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік-Шығыс Арал маңының географиялық орналасу аймағы және ашылған кейінгі тас ғасырының ескерткіштерінде әр кезеңде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары қарастырылды. Ең алдымен Арал маңы палеолит тұрақтарының тас дәуіріндегі өзекті мәселелерін (тас дәуірі мәдениеттерінің дамуы еңбек құралдарының эволоциясы т.б.) шешуде палеолиттік ескерткіштердің алар орны ерекше. Сонымен қатар кейінгі тас ғасырының неолит дәуірінің анықтамасы, орналасу аймақтары, Кельтеминар мәдениетінің ашылуы мен зерттелуі және С.П. Толстов пен А.А. Формозовтың берген мерзімдеулері мен кезеңдеулері ғылыми тұрғыдан талданады. Сондай-ақ А.В. Виноградовтың Сексеуіл І, ІІ тұрақтарында жүргізілген қазба және барлау жұмыстары нәтижелері сараланады.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы