2018 ж. ортағасырлық Жанкент қалашығының қорғаныс құрылыстарында жүргізілген археологиялық жұмыстардың қысқаша қорытындылары

Авторлар

  • Härke Heinrich Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университеті
  • S. Bilalov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. Amirgalina Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h4

Аңдатпа

Мақалада Қызылорда облысы, Қазалы ауданында орналасқан ортағасырлық Жанкент қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының кейбір нәтижелері баяндалады. Ортағасырлық Шығыс деректері мәліметтері бойынша Жанкент қаласы тіршілік еткен соңғы кезеңінде Сырдарияның төменгі ағысындағы Оғыз мемлекетінің астанасы болған. Мақаланың негізгі бөлігінде Жанкент қаласының бас қақпасының жоспарлануы сипатталған. Ескерткіштің басты қақпасына жүргізілген археологиялық зерттеулердің алдын ала қорытындылары бойынша, бекініс қабырғаларын тұрғызу кезінде Әмударияның төменгі ағысындағы көршілес өңірдің құрылыс әдістемесін пайдаланғанын Жанкент құрылыс конструкциялары растап шықты. Аталған әдістеме Орталық Азияның қалалық мәдениетінің архитектуралық дәстүрлерімен сабақтасып, ұқсас тұстары көптеп кездеседі. Жоспарлануы жағынан Жанкент қаласының аналогиясын
Хорезмнен көреміз. Ең алдымен Топрақ-қала қалашығының ішкі жоспарлануы, цитаделінің
орналасуы бойынша Жанкентпен қатты ұқсастық бар. Алайда, Топрақ-қала ерте кезеңнің
ескерткіші болып табылады. Дегенмен, екі ескерткіштің жоспарлану ерекшеліктерін салыстыру
заңды әдістеме, өйткені Жанкенттің қайта жоспарлануы кезінде қолданылған кеңістіктік-
жоспарлау моделі көптеген ғасырлардан бері қалыптасқан тарихи модель болып табылады.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы