Патшалық Ресейдің түркі-мұсылман халықтарына қатысты діни саясаты

Авторлар

  • Seyfı Yıldırım Хаджеттепе университеті, Түркия, Анкара қ.
  • N. Sabyrgalieva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh-2019-2-h2

Аңдатпа

Мақалада патшалық Ресейдің түркі-мұсылман халықтарына қатысты діни конфессионалдық саясаты талданады. Патшалық Ресей түркі-мұсылман халықтарын жаулап алуда өз мүддесін көздейді. Ресей монархиясының діни саясаты бірнеше кезеңдерден тұрды. Орынбор мүфтилігінің құрылуы ислам діні мен дінбасыларының қатаң бақылауда болуына алып келеді. Алғашында патшалық тарапынан түркі-мұсылман елдерінде мешіт пен медреселердің салынуына рұқсат беріп, татар молдаларының қазақ даласына келуі заңдастыру нәтижесінде жүзеге асқаны белгілі. Алайда түркі-мұсылмандарының діни фанатизмге ұшырауынан сескенген патша үкіметі дінді қудалап, мұсылмандарды қуғындайды. Сан ғасырлар бойы дәстүрлі исламды ұстанған түркі мұсылмандарына патша саясатының көздеген түпкі мақсаты олардың исламға деген сенімдері жоғалмай, керісінше бірігіп, берік болуына ықпал еткені белгілі.

Жарияланды

2019-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы