«Қасиетті» сөзінің заманауи түсінігі және Ботай мәдениеті материалдары негізінде оның контекстерін қалпына келтіру
DOI:
10.26577/JH-2019-1-422Аңдатпа
Мақала Солтүстік Қазақстандағы энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениеті тұрғындарының
кейбір қасиетті (киелі) деп санаған контекстерін қалпына келтіруге арналған. Көп жылдар бойы
жүргізілген
зерттеулер Ботай мәдениетінің әлемдік тарихтағы мәнін көрсетіп берді және осы
феноменнің даралығын нақты анықтауға жол ашты. Мамандар үшін қасиетті нысандардың
сыртқы келбеті ғана емес, сонымен қатар ақпараттық кодты сипаттайтын ішкі ерекшеліктері де
маңызды, ол бойынша ескерткіш өткен тарихтағы мәдениет кеңістік аясындағы жиынтық түрінде
қарастырылады.
Ботай қонысы Қазақстанның қасиетті ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Халықтың
тарихы мен мәдениетіне деген елдегі белсенді қызығушылық аясында Ботай қонысында
ғылыми ізденістер мен бұқаралық ғылыми-ағартушылық жұмыстары жүргізіліп келеді. Ботай
археологиялық және экологиялық орнының ерекшеліктерін сәулелендіру үшін оған қажетті
дереккөздері алынып, таңдаудан өтті. Қазақстандық қоғам үшін ботай мұрасы идеологиялық
өзектердің бірін құрай алады.








