«Иманыңыз болсын жолдас»: мұрағат көздері Ы. Алтынсариннің белгісіз тұстары туралы

Авторлар

  • G. Mukanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2019-1-420

Аңдатпа

Зерттеу Ы. Алтынсариннің сирек кездесетін кітабы мысалында қазақ халқының рухани
байлығы мен салт-дәстүрлері хақында мәлімет береді. Зерттеудің мақсаты мен негізгі бағыттары
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының жүзеге
асыру болып табылады. Халық құндылықтарының сақталуына елеулі із қалдырған тұлғалардың
жұмысын зерттеу идеясына осы құжаттар серпін берді. Жұмыстың ғылыми және практикалық
маңыздылығы араб графикасында басылған артефактты зерттеу және оның объектісі ретінде
әлеуметтік байланыстары айқындайды. Кеңес дәуірі дінмен байланысты тарихи зерттеулерді
дамытуға тосқауыл болды. Зерттеу осы олқылық қатарын толықтырады. Исламның негіздеріне
арналған оқулықтар мен аудармаларды іс жүзінде Ыбырай Алтынсарин оқулығымен салыстыруға
мүмкіндік туды. Зерттеу жұмысының әдіснамасы тарих ғылымындағы салыстырмалы талдауларға,
диалектикаға, жалпы және жеке әрбір дереккөздерді талдауға, тарихнамалық зерттеулерді
сараптауға негізделген. Сондай-ақ жинақтау және жүйелеу, визуализация, әлеуметтік бақылау
және іріктеу сияқты этнология және антропология әдістері қолданылды. Зерттеуіміздің
нәтижесінде Ы. Алтынсариннің қазақ оқушыларының мәдени және этникалық ерекшеліктеріне
сәйкес келетін ислам негіздері бойынша алғашқы ресми оқулыққа қатысуы нақтыланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы