Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы мен Мауереннахрдағы шайбанилық мемлекет арасындағы қарым-қатынастар
DOI:
10.26577/JH-2019-1-414Аңдатпа
Автор мақаласында XVI ғасырдың 40-80-ші жылдары қазақ ханы болған Хақназар ханның жеке адами болмысындағы қасиеттері мен Қазақ хандығының қайта өрлеуі кезеңіндегі жүргізген саясатын, оның ішінде сол ғасырдың 70-ші жылдары Мауереннахр билеушілерімен жүргізген қарым-қатынастары мәселелерін қарастырады. Сол кезде Мауереннахрда қалыптасқан саяси жағдайлар күрделеніп, билік үшін күрестер барысында екі саяси топ – Ташкентте Баба сұлтан, Бұхарада – Абдаллах хан қалыптасқан болатын. Хақназар хан Қазақ елінің мүддесіне сай Бұхара билеушісін қолдайды. Баба сұлтанмен күрес барысында қаза табады.








