«Тарихи-Рашиди» еңбегінің аудармалары және қолжазбасы
DOI:
10.26577/JH-2019-1-413Аңдатпа
Мақалада Мырза Қайдар Дұғлаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің аудармаларына сипаттама жасалып, оның қазақ тарихында алатын орны көрсетілген. Мырза Мұхаммад Қайдар Дұглаттың (Дулат) «Тарих-и Рашиди» шығармасы шығыстанушылар ортасында белгілі шығарма. Ол ХІХ ғ. ортасында ғылыми айналымға еніп, қазіргі уақытқа және ХIV–ХVI ғғ. дейін Орталық Азия мен Солтүстік Үндістан халқының тарихы мен мәдениеті туралы басты дерек болып табылады. «Тарих-и Рашиди» еңбегі парсы тілінде жазылып, дүние жүзінде бірнеше тілдерге аударылды. Еңбектен тек тарих бойынша ғана емес, география, философия, тілдік жағынан да деректік мәліметтер алуға болады. Авторлар бұл деректік еңбектің қолжазба нұсқаларына да талдау жасаған. Мұхаммад Қайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі мәліметтер бойынша авторлар ХIV–ХV ғғ. Моғұлдардың исламды қабылдау үдерісі болған деген қорытындыға келеді.








