Электронды құжат айналымының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалды талаптар
DOI:
10.26577/JH-2019-1-411Аңдатпа
Мақалада электронды құжат айналымының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалды талаптардың пайда болуы және жетілдірілуі қарастырылады. Авторлар халықаралық қауымдастықтардың электронды құжат айналымын басқаруға қойылатын заманауи талаптарын талдайды. ИСО 15489 стандартының мазмұны және талаптары ашылады. MoReq еуропалық спецификациясының ұтымдылығы және кең танымалдығы анықталады. Тәуелсіз тестілеу жүйесінің қажеттілігі негізделеді. Электронды құжат айналымы ақпараттық жүйесінің талаптары бойынша Ресей Федерациясындағы нормативті-құқықтық құжаттар және оның тәжірибесі баяндалады. Электронды құжат айналымын басқаруға қойылатын талаптар кешені және оның ережелері көрсетіледі.








