Жапониядағы этно-мәдени бірегейлікті қалыптастырудың дәстүрлі механизмдері: өмірлік циклге байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
DOI:
10.26577/JH-2019-1-410Аңдатпа
Бұл мақалада жапон халқының этномәдени бірегейлігін қалыптастыру тетіктері адамның өмірлік цикліндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде қарастырылған. Өмірлік циклінің салт-жораларында кездесетін басты элементтердің символикалық мәні мен мазмұнын талдау негізінде дәстүрлі жапон мәдениетінде адам өміріндегі өтпелі кезеңге қатысты әдет-ғұрыптардың рөлі мен функциялары, сондай-ақ архаикалық және заманауи салт-дәстүрлер арасындағы байланыс, оның ішінде оларды қабылдау мен түсіндіруде орын алған өзгерістер анықталды. Зерттеу нәтижелері өмірлік циклге байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар нақты бір қауымдастық өкілдерінің өзара бірегейлігін анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ жапон халқының тарихи дамуы барысында жинақталған мәдени құндылықтар мен мәдени білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету құралы ретінде қызмет ететіндігін айғақтады.








