Еуразияшылық интеграцияның теориялық негіздері жөнінде

Авторлар

  • K. Zhumagulov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • R. Sadykova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2019-1-407

Аңдатпа

Бұл мақалада евразияшылдық қозғалысы өкілдерінің теориялық еңбектерін зерттеуге және оның қазіргі кезеңде жүзеге асуына мән беріледі. Еуразияшылдық – бұл ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары орыс эмигранттарының ортасында пайда болған философиялық және саяси-идеологиялық қозғалыс. Олар Ресейді Еуропа мен Азия арасындағы орталық құрлық Еуразия орталығы деп қарастырды. Осы кезеңде еуразиялық қозғалыс Еуропаның аумағына да таралды. Еуразиялық үйірмелер Прага, Берлин, Париж, Брюссель мен Еуропаның басқа қалаларында пайда болды. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары еуразияшылдар саяси ұйымдық тұрғыдан қалыптасты. Кейіннен еуразияшылдық тұжырымдама Л. Гумилевтің идеялары және еңбектерімен толықты. ХХІ ғасырда ол 1994 жылдан Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларымен жаңа сипатқа ие болып, Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуына әкелді.

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы