Хан жарлықтарының тархандық түрлерін деректанулық талдау және сыныптау

Авторлар

  • B. Kumekov Халықаралық Қыпшақтану институты
  • Z. Kartova М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

DOI:

10.26577/JH-2019-1-406

Аңдатпа

Отандық деректануда ортағасырлық акт деректерін жүйелеу және сыныптау мәселелері аз зерттелген бағыт. Мақалада ғылыми айналымда «тархан жарлықтары» деп аталатын акт деректердің ерекше тобына деректанулық сын жүргізілген. Тархан жарлықтары үш жеке топқа жіктелген. Сонымен қатар мақалада «тархан» деп аталатын әлеуметтік топты айқындайтын тарихи фактілер келтірілген. Тархан жарлықтарының мәтіндерінде сақталған мәліметтер бойынша тархандардың сандық құрамын, ортағасырлық қоғамдағы алатын орны мен статусын анықтауға болады. Тархан жарлықтарын топ пен түрлерге жіктеу ортағасырлық тарих бойынша дереккөздердің табиғатын анықтауға септігін тигізеді.

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы