АҚШ-тағы электронды құжаттар мен электронды мұрағаттар

Авторлар

  • G. Seksenbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-4-313

Аңдатпа

Мұрағат әлемінің заманауи жағдайы, мұрағат ісінің іске асырылуының заңды негіздемесі,
мұрағат және мұрағаттық құжаттардың ғылыми теориялық ұсыныстары, мұрағат тәжірибесінің
әдістемелік нормалары, құжаттар мұрасының сақталуы мен қолдануын, сонымен қатар жаңа
үлгіде сақталуы мен қолдануын ұйымдастыру осы аталған сұрақтардың барлығы ғылыми
тәжірибелік маңыздылығы жағынан өзектілігі мәселесі көтерілді.
Мұрағаттар – қызметінің ерекшелігіне байланысты үнемі өзгеріп тұратын динамикалық
құрылым. Сонымен бірге, өзгерістер тек құжаттардың сақтау функцияларында, құрылымдарында
және режимдерінде ғана емес, негізінен дәстүрлі және дәстүрлі емес үлгідегі құжаттардың
құрамының өзгеруін де атап кеткен жөн.
Мақалада АҚШ-тағы мұрағат қызметінің электронды құжаттар мен электронды мұрағаттармен
жұмыс ұстанымдары жайлы мәселелер қозғалады.
Мақаланы жазу барысында басты назар мұрағатта жұмыс жасаудың соңғы әдістемелері мен
техникалық құрылғыларды қолданудың тәжірибесіне аударылып жазылды. Жоғарыда көтерілген
мәселенің мәнмәтінінде электронды құжаттарды ұйымдастыру, НАРА-ның электронды үкімет
пен мұрағаттың қалыптасуына қосқан үлесі жайлы да сөз етіледі. Қазақстандағы мұрағаттану
мен құжаттану саласындағы жаңа стандарттар мен модельдерді қалыптастыру жолындағы
мұрағаттау саласына енгізіліп жатқан электронды құжаттармен жұмыс жасау барысындағы жаңа
технологиялар мен стандарттарды қолдауы туралы мәселе көтерілген болатын.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы