ХХ ғ. басындағы медресенің қазақ шәкірттерінің әлеуметтік наразылық өлеңдері (ХХ ғ. басындағы Орынбор жандарм басқармасы қоры материалдары бойынша)

Авторлар

  • D. Muftaсhutdinova Қазан Федеральды Университеті, Ресей, Қазан қ.

DOI:

10.26577/JH-2018-4-310

Аңдатпа

Зерттеу мәселесінің өзектілігі Еділ-Жайық аймағындағы медресе шәкірттерінің өлең-жыр
шығармашылығындағы қазақ халқының саяси және этно-конфессиялық мүддесінің көрінісі
мәселесіне қызығушылықпен ерекшеленеді.
Мақала жандарм басқармасы шенеуніктерінің қазақ жастарының қоғамдық санасының
өзгеруіне реакциясы мен алдыңғы қатарлы татар қоғамдық ойының қазақ халқының этно-
біріктіруші процестеріне әсерін анықтауға бағытталды.
Зерттеу жұмысының жетекші тәсілі ретінде кез келген тарихи материалды өзінің
динамикасында қарастыруды, әрбір құбылыстың өзіндік ерекшеліктерін және оған себепші
факторларды анықтауды талап ететін тарихилық принципі қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде
қазақ шәкірттерінің сөйлеу және өлең дискурсын өздері қадағалайтын әлеуметтік тәртіпке қауіпті
деп танитын жандарм басқармасы шенеуніктерінің идеологемалары анықталды. Сонымен қатар
мақалада ХХ ғ. басындағы прогрессивті демократиялық татар және қазақ жастары арасында
орын алған процестерге консервативті татар дін басыларының реакциялары көрсетілді. ХХ ғасыр
басындағы әлеуметтік болмысқа алдыңғы қатарлы қазақ жастарының әлеуметтік наразылығын
білдіретін өлеңдер мен әндер қазақ халқының өзіндік санасын қалыптастырған көзқарастар мен
ойлардың жалпы жиынтық элементтері де қарастырылды.
Мақаланың материалдары жоғары оқу орындарындағы тарих мамандықтарын да ұлттық
саясатқа байланысты арнайы курстарды оқытуға пайдалы болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы