Түркістан жәдитшілері ағартушылық ұйымдарының қоғамдық-саяси қызметі

Авторлар

  • T. Mekebayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. Bazarbayev Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік унив
  • Zh. Kumganbayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-4-306

Аңдатпа

Мақалада жәдитшілік қозғалысқа қатысты жаңа көзқарастар, Орта Азиядағы ұлт-азаттық идеологияны қалыптастырған ағартушылық идеялары, сондай-ақ ұлт-азаттық қозғалыстың саяси бағдарламалары мен стратегиялық мақсаттары қарастырылған.
Жәдитшіліктің осы ағартушылық мазмұны өлкедегі қоғамдық-саяси ахуалдың дамуы барысында ескі әлеуметтік және саяси жүйенің мәртебесін өзгертіп, оған тың сипат беру түрінде өзгеріске түсті. Сонымен, өлкедегі жәдитшіліктің қалыптасуы мен қызметіндегі сапалы өзгерістерге қарай, оны мәдени ағартушылық және саяси күрес кезеңі деп екіге бөліп қарастырамыз. Жәдитшілердің ағартушылық идеялары өлкеде білім беру жүйесін қазіргі заманғы модульдерге лайықтап реформалау қажеттілігін туғызды. Әрине, бұндай реформаларды өлкедегі отарлық билік те қолға алған болатын. Білім беру жүйесін реформалауды іске асыруда отарлық мүддені көздеген патша өкіметі ұлыорыстық шовинизмнің қағидасына сүйенді.

Жарияланды

2019-01-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы