Алтын Орда мен Қазақ хандығындағы хандық биліктің сабақтастық мәселелері
DOI:
10.26577/JH-2018-4-305Аңдатпа
Мақалада Алтын Орда мен Қазақ хандығындағы хандық биліктің кейбір қырларының сабақтастық мәселелері қарастырылды. Алтын Орданың ыдырау процесінде оның территориясында пайда болған мемлекеттерде билік Жошы ұрпағынан тараған ақсүйектерге тиесілі болды. Бұл дәстүр Қазақстанда XIX ғ. басына дейін жалғасты. Алтын Орданың басқару институттарындағы кейбір белгілері әжептеуір тұрақты және өміршең болып шықты. Олар Алтын Орданың ыдырау процесі кезінде сол аумақта пайда болған мемлекеттерде көрініс тапты. Бұл параметрлердің біріне хан билігі мәселесі жатады. Хан билігінің әулеттік сабақтастығымен қатар, хан билігіне келу жолдары, таққа мұрагерлік, хан билігінің негізгі атрибуттарының жалғастығы мәселесі қаралды. Мысалы хан сайлау дәстүрінің жалғасуы, хандық билікке билеуші әулеттің ішіндегі ең беделді өкілінің сайлануы.








