«Рахат» қорымының антропологиялық мәліметтері (Алматы облысы)
DOI:
10.26577/JH-2018-4-303Аңдатпа
Мақалада Рахат елді-мекенінің географиялық орналасу шекарасы мен өңірдің өзіне ғана тән ерекшеліктері сипатталды. Елді-мекенді 1994-2005 жылдары К.М. Байпақов, Ф.П. Григорьев, К. Чанг жетекшілік еткен, біріккен «Қазақ-Американ» экспедициясының археологиялық қазба жұмыстары қамтылған. 2004 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология Институтының Рахат елді-мекеніндегі ескерткіштерге жасаған археологиялық барлау қазба жұмыстарына сипаттама беріліп, сараптама жасалды. Сонымен қатар, Рахат елді-мекенінде орналасқан, жоғары палеолиттік тұрағында 2006-2007 жылдары О.А. Артюхованың жетекшілігімен жүргізілген, түрлі деңгейдегі қазба, барлау жұмыстары толыққанды сипатталды. Сондай-ақ 2011-2012 жылдары «Есік» тарихи-қорық мұражайының Б. Нұрмағанбетұлы жетекшілік жасаған, археологиялық
экспедициясы мүшелерінің жұмыстары сараланды. Археологиялық қазба жұмыстарымен қатар,
жаратылыстану ғылымдарының жаңа ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдерін пайдаланып, 2015 жылы
Рахат елді-мекенінде Ғ.Т. Бексеитов басшылық жасап отырған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
жанындағы «Геоархеология» халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасы «Халық тарих толқынында»
атты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының
(Палеолит-Ерте темір дәуірі) нәтижелеріне және мекеннің қазіргі жағдайы мен болашағына
сипаттама жасалды. Сонымен қатар, Рахат қорғандарынан шыққан сүйек қаңқаларына жасаған
палеоантропологиялық сараптама жұмысы қарастырылды.








