Жазбаша деректер бойынша көне түркі дәуіріндегі ғұрыптар мен салттар
DOI:
10.26577/JH-2018-4-302Аңдатпа
Мақалада көне түркі дәуіріндегі ғұрыптар мен салттардың жазбаша деректер негізінде сипатталуы және олардың далалық Еуразияның князьдік ғұрыптық ғибадатханаларының құрылымы мен архитектурасында көрініс табуы ұсынылған. Бозоқ археологиялық шағын ауданының ортағасырлық Сарыарқадағы ғұрыптық орталық ретіндегі сипаттамасы берілген. Авторлар ежелгі түркілердің ғұрыптық тәжірибесі туралы жазба деректерді жүйелеуге талпыныстар жасады. Жерлеу-еске алу шараларымен байланысты ғұрыптардың кейбір ерекшеліктері қытайлық династиялық жазбаларда, араб-парсы тілдеріндегі трактаттарда, ішінара еуропалық жазба деректерде де кездеседі. Салттар туралы орхон руникалық жазбаларының мәтіндерінде кездестіруге болады. Әртүрлі кезеңдерге жататын, әртүрлі тілде жазылған бұл деректерді салыстыру мен сәйкестендіру арқылы ежелгі түркі тілді этностардың дүниетанымын қалпына келтіруге болады. Мақалада діни және күнтізбелік шараларды жасауға арналған ерекше орындардың болғандығы туралы жазба деректер бар. Бұл құрбандық шалынатын ашық алаңдар, төбелер, ерекше тоғайлар болуы мүмкін. Сонымен қатар қалалар және оларда жыл сайынғы күнтізбелік мейрамдарды өткізуге арналып салынған ғибадатханалардың болғандығы туралы мәліметтер бар. Осылайша, жазба деректерді пайдалану археологиялық қалпына келтіруді күшейтеді және толықтырады.








