Бозоқ қалашығы далалық Еуразияның ғұрыптық нысандары жүйесінде
DOI:
10.26577/JH-2018-4-301Аңдатпа
Мақалада далалық Еуразияның мемориалды кешендері тарихы баяндалған. Ең танымалдары – бұл Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдің ежелгі түркі (Күлтегіннің, Білге қағанның, Бұғұт, Сарығ-бұлұн) ғұрыптық ғибадатханалары. Мұндай архитектуралық нысандардың қатарына Еуразия даласының батыс бөлігінде зерттелген квадратты монументалды (Глодосы, Вознесенка, Перещепино) «қалашықтары» жатады. Олардың құрылысында жазба деректерден белгілі: квадратты форма, қабырға-үйінді, ор, ішкі құрылыстардың бағаналардың іздері, арнайы жасалған кіреберіс, сыйға тартылған өзге елдерден әкелінген бірегей артефактілер тіркелген. Алайда тұрғын үйлер, ошақтар, шаруашылық шұңқырлар түріндегі тұрақты түрде мекен ету іздері жоқ. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында басталған «квадратты қалашықтардың» алғашқы зерттеулердің өзінде-ақ олардың функционалдық маңызы мен мерзімделуін түсіндіруде қиындықтар туғызды. Археологиядағы барлық жұмбақ нысандар ретінде – олар ерте орта ғасырдың ғұрыптық мемориалдары қатарына жатқызылды. Бүгінгі күні бұл кешендер ғұрыптық шаралар мен рәсімдерді өткізетін орын ретінде бозоқ археологиялық шағын ауданының материалдарымен расталды.








