ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстанның академиялық басылымдарындағы Қазақ хандығының мемлекеттілік сипаты жөнінде

Авторлар

  • D. Abnassyrov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-4-300

Аңдатпа

Автор мақаласында Қазақстанның академиялық еңбектеріндегі көшпелілер қоғамындағы мемлекеттілік мәселесін қарастырады. Мақалада автор сол басылымдарға жеке-жеке тоқталып, әр жылдардағы басылымдарда мәселенің әркелкі қарастырылғанын ашып көрсетеді. Кеңестік кезеңде Қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі өркениеттің дүниежүзілік тарихта атқарған рөлі жете бағаланбағандығы және өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қайшылықтары отандық тарих ғылымында да теріс баяндалып келгендігі айтылады. Көптеген тарихи зерттеулерде тарихи үрдісті шамадан тыс идеологияландырылуы, не болмаса тікелей түсіну жүйесінің тән болғандығы ашып көрсетіліп, еңбек жазылған уақыттың оған әсері айқындалады. Сонымен қатар Коммунистік партияның тыйым салу жүйесі зерттеулердің, әсіресе кеңестік кезеңде деректеме базасын шектеп отырғандығы және қоғам өмірінің барлық құбылыстары бойынша таптар мен тап күресін маркстік-лениндік тұрғыдан түсіндіруге негізделген таптық-әлеуметтік көзқарас негіз етіп алынған методология үстемдік еткендігі көрсетіледі. Мақалада тарихилық қағида басшылыққа алынып, кеңес өкіметінің тарихқа қатысты ұстанған саясатының әсері айтылады.

Жарияланды

2019-01-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы