Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына енуі: XIX ғ. – XX ғасырдың басындағы тарихнамаға талдау

Авторлар

  • А. Abdildabekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-4-298

Аңдатпа

Қазіргі уақытта тарих ғылымында жаңа теориялық-концептуалдық әдістердің қалыптасуы мен оның Қазақстанның жаңа тарихына қолданыла бастауы XVІІІ ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мен Ресей қатынастарындағы маңызды мәселелерді жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік туғызып отыр. Авторлардың ғылыми көзқарастарын қайта пайымдау тұрғысынан қарағанда бүгінгі уақытта аталған проблема бойынша ғылыми тарихи зерттеулерге жүгіну аса қажетті мәселелердің бірі.
Осы мәселеде Қазақстанда қызмет бабымен болған орыс зерттеушілерінің еңбектеріне ерекше назар аударылған. Олардың сол кезеңдегі оқиғаларды баяндауда империялық саясатқа тәуелді болуын назарға алған. Еңбектердің басым бөлігінде сипаттау тән, деректік қоры төмен. Сонымен қатар жалпылау, фактілерді негіздеу, анықтама берудің кездеспейтіндігін атап өтеді. Авторлардың еңбектерін тұжырымдық жағынан төмендегідей бөліп қарастырған: «табиғи шекаралар», этнографиялық және географиялық, шовинистік және «өркениеттік миссия» факторларына біріктіреді. Орыс тарихнамасындағы еңбектердің ауқымдылығы бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді. Бірақ оның астарында империялық отарлау саясатының жатқандығын анық көруге болады.

Жарияланды

2019-01-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы