Y-хромосоманың C-L1370 ДНҚ гаплотобы немесе C-M86 гаплотоптың «Дала тармағы», оның филогенетикалық ағаштың субтармақтары мен қазақ және басқа да этникалық популяцияларындағы гаплотүрлерінің алуандығы
DOI:
10.26577/JH-2018-4-297Аңдатпа
Тарихи көші-қону саласы, сонымен қатар орталық Еуразия аумағындағы тарихи оқиғалармен байланыстарын зерттеуге арналған қолданбалы мәліметтің аясында, авторлар Y-хромосомасының ДНҚ-асының C-L1370 гаплотобын зерттеген. Осы зерттеу және бұрынғы жарияланған ғылыми мақалаларға сүйеніп, генетикалық аталық (әкелік) жағынан субкладтарды тасымалдаушылардың тұратын жерлері (локациясын) анықталған. Осы зерттеу және бұрынғы жарияланған ғылыми мақалаларға сүйеніп, аталық (әкелік) жағынан субкладтарды тасымалдаушылардың тұратын жерлері (локациясын) анықталған. Осы еңбекте авторлар негізгі 6 модальдік гаплотүрлерін айырып алып, терең секвендеу арқылы зерттеп, үш негізгі генетикалық тармақты анықталды. Субкладтардың жасы мен оларды тасымалдаушылардың локациясын ескеріп, авторлар зерттелген гаплотоптың таралуына әсер еткен тарихи көші-қондармен болжалды байланысты ұсынды.








