Ғұмырын соғыс тұтқындарын зерттеуге арнаған сардар-ұстаз (Асқанбек Алданазаровтың жеке қор құжаттары бойынша)

Авторлар

  • O. Mukhatova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-4-291

Аңдатпа

Мақалада 33 жыл бойы ІІ дүниежүзілік соғыстағы поляк және жапон тұтқындарын зерттеумен айналысқан Асқанбек Алданазаров туралы баяндалады. А. Алданазаровтың жеке тектік қорының құрамы мен мазмұны ашылады. Жеке архив қоры құжаттарын зерттеудің бағыттары анықталады. Сардар-ұстаздың өмірбаяны қысқаша түрде көрсетіледі. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Польшада жерленген 133 қазақстандық жауынгердің қабірін тапқандығы дәлелденеді. Асқанбек Сапарұлының партизан қозғалысына қатысқан «Жезқазған» немесе «Иванович из Казахстана» деген сардарды іздеу барысындағы зерттеулері қарастырылады. Польша архивтеріндегі құжаттарды зерттеу нәтижесінде қазақ Саша, яғни Өксікбай Қасымбековты анықтағаны туралы, Қазақстанға депортацияланған қызы Ната Богдановичтің және оған ана болған Дүрия Басованың тағдырына Асқанбек Сапарұлының араласқаны жайлы айтылады. Польша мемлекеті тарапынан берілген марапаттары сипатталады. Посткеңестік кезеңде сардар-зерттеушінің архив құжаттарын талдап, Қазақстан аумағындағы жапон тұтқындарының 41 зиратын және қаза болған 58900 сарбаздың есімдері анықталған. А.С. Алданазаровтың «Күннің шығуы» орденімен және Алтын розетта сәулелерімен марапатталғаны баяндалған.

Жарияланды

2019-01-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы