Орталық Қазақстанның Атасу мен Талдысай ықшам аудандарының қола дәуіріндегі елді мекендерінен табылған тас құралы мен қару-жарақтары

Авторлар

  • А. Ержанова Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты

DOI:

10.26577/JH-2018-3-281

Аңдатпа

Мақалада Атасу мен Талдысай ықшам аудандарының қоныстарының тас құралдарына
жүргізілген трасологиялық талдаудың толық сипаттамасы келтірілген. Трасология негізінде
қола бұйымдарды өңдеу және дайындау технологиялық үдерісінің сатылары анықталды және
қайта қалпына келтірілді. Қоныстардан металлургияда қолданылған тас, сүйек және балшықтан
жасалған түрлі еңбек құралдары табылды. Олардың арасында негізгі құрал болып табылатын тас
құралы кен орындарында пайдаланылған тас өндіруге, байытуға және балқытуға арналған еңбек
құралдары кездеседі. Сонымен қатар күл мен руданы майдалауға және ұнтақтауға арналған
тозғын белгілері бар тас балталар, кайлалар бар. Қоныстардағы тас құралдары – тұрғындардың
өндірістік ерекшеліктерін сипаттайтын өте кірделі серия.
Қоныстардан табылған коллекцияға трасологиялық талдау әдісін қолдана отырып
құралдардың функционалды қызметін анықтап, мерзімдеуге болады. Елді мекендердің
тұрғындары металлургия, минералды шикізаттарды өңдеу, тұрмыстық мұқтаждықтар үшін
алынған саз балшықтарды тас құралдың көмегімен алғанын көре аламыз.
Қорытындылай келе, біз құралдарды стационарлық жағдайда дайындап, содан кейін оларды
өз мақсаттарына қолданғанын айта аламыз. Жалпы алғанда, Атасу, Мыржық және Талдысай
елді мекендеріндегі халықтың сыртқы көрінісін сипаттай отырып, олардың металлургиямен
айналысқанын, сондай-ақ өндіріс құралдарын жергілікті шикізаттан жасағанын дәлелдейміз.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы