Жартас беттеріндегі бейнелеу өнері ескерткіштерінің мерзімделуіндегі жаратылыстану ғылымының әдістері
DOI:
10.26577/JH-2018-3-280Аңдатпа
Мақала жаратылыстану ғылымдарындағы, оның ішінде археология саласындағы өнер ескерткіштерінің мерзімделуінің кейбір ерекшеліктеріне арналады. Жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалану жартас беттеріндегі бейнелеу өнері
ескерткіштерінің мерзімделуінің нақты уақытын анықтаумен қатар, бекітілген мерзімін нақтылау
үшінде қазіргі күні белсенді түрде дамып отыр, сонымен қатар, ежелгі өнер тарихының мерзімделу
уақыты үшін де аса қажет. Қазіргі күні жартас беттеріндегі бейнелеу өнері ескерткіштерін
мерзімдеудегі әдістердің қолданыстағы негізгісі – радиоуглеродтық сараптау.
Ежелгі адамдардың өмірінде жартас беттеріндегі бейнелеу өнері ерекше негізгі орынды
алғаны белгілі, ол діни және мифологиялық сенімдермен байланыса отырып, оның синкретизмі
туралы да нақтыланады.








