Еуразиядағы Қыпшақтану. Тарихы және даму келешегі (ғылыми-аналитикалық шолу)
DOI:
10.26577/JH-2018-3-269Аңдатпа
Ғасырлар бойы орналасу аумағы, шаруашылық типі, тілі (қыпшақ тобының диалектілері),
мәдениеті және тарихи тағдыры ортақ болған туысқан түркі этностары қыпшақ, құман және
кимектердің ортағасырлық тарихын зерттеу қыпшақтанудың тұжырымдамалық ғылыми
бағытының негізін құрайды. Еуразияның көптеген халықтарының тарихында қыпшақ
тайпаларының орны түркі тілдес халықтардың қалыптасу үдерісіне қосқан үлесімен, Шығыс
Еуропа және Арабтық Шығыс елдерінің тарихында маңызды рөл алуымен анықталады. Мақалада
қыпшақ мәселесінің зерттелу тарихына ғылыми-аналитикалық шолу жасалынып, қыпшақтанудың
даму келешегі сараланды. Қыпшақ тайпаларының тарихын, географиясын және мәдениетін
зерттеумен айналысатын ғылыми орталықтар Венгрия, Ресей, Қазақстан, Украин, Болгария
және белгілі мағынасында АҚШ-та орналасқан. Германия, Англия, Франция, Польша, Румыния,
Египет және Түркия, Грузия, сондай-ақ Қырғыз, Өзбекстан, Әзірбайжан сынды ТМД елдерінде
қыпшақтану бойынша зерттеулер аз жүргізілген.








