Қазақ жерінің аумақтық бөлінісі мен тарихи-географиялық ерекшеліктері (XVIII-XIX ғғ.)

Авторлар

  • Г. Моминова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

10.26577/JH-2018-3-266

Аңдатпа

Мақалада қазақ жерінің аумақтық бөлінісінің тарихы мен тарихи-географиялық ерекшеліктері баяндалады. Сонымен қатар, Ресей империясының қазақ жерін отарлау мақсатында 1822, 1824, 1867-1868, 1886, 1891 жылдары қабылданған реформалардың салдары мен нәтижесі көрсетілген. Реформаларды жүргізудегі басты мақсат – қазақ мемлекеттілігін жойып, әр түрлі әкімшілік-аймақтық бөлініс жасап, шекараларын белгіліп, табиғи байлығын толықтай игеру болатын. Зерттеу жұмысымызда қазақ жерінің әкімшілік-шекаралық бөлінісіне қатысты статистикалық мәліметтер мен генерал-губернаторлыққа бөлінгендігін көрсететін кесте және карта берілген.
Зерттеліп отырған тақырыпта Қазақстанның тарихи географиялық ерекшеліктері, табиғаты, жері, шаруашылығы жан-жақты зерттелген. Сондай-ақ, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын қатар алып жүрген қазақ халқының әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы, реформа нәтижесінде бөліске түскен облыстардың шекарасы, жер аумағы мен орталығы қарастырылған.

Жарияланды

2018-10-29

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы