Кеңестік кезеңде жарық көрген тарих оқулықтарының кейбір ерекшеліктері

Авторлар

  • Ж. Смаханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

10.26577/JH-2018-3-265

Аңдатпа

Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан тарихымызға ерекше көңіл бөлініп отырғанда тарих оқулықтарының жүріп өткен жолына назар аударудың маңызы зор. Осы асыл мұраға байланысты мәселелерді қарастырып, болашақ тәжірибесіне пайдалана аламыз. Мақалада кеңестік кезеңде жарық көрген тарих оқулықтарының кейбір ерекшеліктері қарастырылады. Оқулық жазылған уақыттың оған әсері айқындалады. Аталған кезеңді зерттеудің көптігіне қарамастан, сол уақыттың оқулықтарына жете көңіл бөлінбей отыр. Мақалада тарихилық қағида басшылыққа алынып, кеңес өкіметінің тарихқа қатысты ұстанған саясатының әсері айтылады.

Жарияланды

2018-10-29

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы