Дәстүрлі қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификациясы

Авторлар

  • Э. Телеуова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-3-263

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі қоғамның әлеуметтік санаттарға бөліну ерекшеліктері қарастырылады. Әлеуметтік стратификациядағы номадтық цивилизацияға тән көшпелі өмір сүру дәстүрінің ықпалы, оның ішінде қауымдық психология, ұжымдық, рулық меншік түрі жан-жақты талданады. Автор дәстүрлі қоғамның күрделі сипатына талдау жасап, әлеуметтік дифференциацияның ашық түрі болуын көрсетеді. Дәстүрлілікке қарамастан қоғам ішіндегі индивидтер еркін қозғалыста болып, әлеуметтік кеңістікте өздерінің статусын және орнын алмастыруға мүмкіндігі болды. Дәстүрлі қоғамның әлеуметтік құрылымы ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қатынастарды, өмір сүру тіршілігі мен бірлік идеологиясын сақтап қалуға бағытталды. Дәстүрлі қоғамның ерекше көрінісі ретінде қазақ қоғамының консерватизмі, индивид арасындағы қатынаста әлеуметтік шығу тегін баса назарға алу көрініс тапты. Туыстық қатынас және қауымдық психология дәстүрлі қоғамға тән құбылыс ретінде түсіндіріледі.

Жарияланды

2018-10-29

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы