XVI ғасырдың соңындағы Қазақ Хандығы және Мәуереннахр: саяси қарым-қатынастар мәселесі
DOI:
10.26577/JH-2018-3-262Аңдатпа
Автор мақаласында Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының Мауереннахрдағы шайбанилық әулетпен екі жақты қарым-қатынастарының басты мәселесі – Түркістан аймағындағы қалалар мен өңірлер мәселесін қарастырады. Мақалада автор сол күрестердің тарихына шолу жасай келе, Қазақ хандығы үшін шайбанилық әулетпен күресте өте қолайлы жағдай атқарған факторға – Мауереннахр билеушісінің өзінің оңтүстік-батыстағы көршісі – Ирандағы сефевилік әулетпен жаулық қарым-қатынасын ашып көрсетеді. Бұл көршілер арасындағы қарым-қатынастардың басты өзегі тағы да территория болды. Тәуекел хан жорығының нәтижелі болуының себептеріне ханның жеке басындағы қасиеттері, қазақ қоғамындағы бірлікті жатқызады. Осы жорық нәтижесінде Түркістан аймағы Қазақ хандығының құрамына түпкілікті енеді.








