Қазақтардың өмірінде түйенің бейнесі мен культі

Авторлар

  • Sala Renato «Геархеология» Халықаралық лабораториясы
  • T. Kartaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-3-261

Аңдатпа

Түйе және түйе шаруашылығы қазақтардың дәстүрлі өмірінде үлкен роль атқарады. Түйе қазақтар үшін байлық, молшылық болып саналған. Қазақтар түйе бағуды өркендеудің белгісі деп санаған. Ежелгі дәуірлерден бері көшпелі қауым өмірінде түйе күш-көлік қызметін атқарған. Әсіресе шөлді, құмды жерлерде, түйе өзінің шөлге шыдамдылығымен, күшінің көптігімен адамның көмекшісі болды. Керуен мүшелері түйе керуенінің көмегімен сауда ісін дамытты. Түйенің күшін жер жыртып, өңдеуге, тереңнен су шығаруға, зат тасуға пайдаланған. Әсіресе, ауыр заттарды тасуға атан, үлек түйенің күшін қолданған, олардың күші адам үшін тиімді болған. Көшпелі халықтар арасында түйемен байланысты наным-сенім, халықтық білім, түрлі ғұрыптар қалыптасқан. Солардың бірі түйеге о дүниелік рухтың көмекшісі деп қарау болды және бұл ғұрып қазіргі таңда да сақталып отыр. Түйені о дүниелік өмірде желеп жебеуші рух деп қаралады, сондықтан киелі, қасиетті, тәу ететін жерлер мен қорымдарда түйемен байланысты халық арасында тараған аңыздар көп кездеседі. Түйемен байланысты ритуалдардың исламға дейінгі діни реликтермен астасып жататындығы назар аудартады. Мақаладағы түйе этнографиясы мәселесі алғашқы жазба деректер және далалық этнографиялық экспедия материалдары негізінде жазылған.

Жарияланды

2018-10-29

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы