Екінші дүниежүзілік соғыста Франция мен Италиядағы қарсылық қозғалысына қазақтардың қатысуы: мәселені қою
DOI:
10.26577/JH-2018-3-258Аңдатпа
Қазақтардың фашизммен күрестегі үлесі, фашистік тұтқынға түскен адамдардың тағдырына әсері, Франция, Италия және басқа да еуропалық елдердегі қарсылық қозғалысына қатысты мұрағаттық құжаттарды зерттеп, сондай-ақ қаза тапқан батырлардың қабірін тауып, ресми түрде жоғалған деп саналған, есімдерін қалпына келтіру, Ұлы Отан соғысының шынайы тарихын жаңғыртып, Қазақ халқының тарихи жадысын қалыптастырып және сақтаудағы ең басты міндет болып табылады. Әлеуметтік және ғылыми өзектілігіне қарамастан бұл тақырып бойынша, яғни кең ауқымда еуропалық мұрағаттық құжаттармен зерттеулер бұдан бұрын жасалмаған. Бұл жаңа мәліметтердің көздері шетелдік мұрағаттық құжаттар болуы тиіс.
Франция, Бельгия, Италия, Ресей және Норвегияның мұрағаттарынан алынған жаңа құжаттардың негізінде, қазақтардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуындағы кешенді пәнаралық мәселелерін зерттеу, Қазақстан, Украина, Италия, Израильдің тарихшы зерттеушілерінің қатысуымен «Қазақтар Екінші Дүниежүзілік соғыста: шетел мұрағаттарынан жаңа құжаттар» халықаралық зерттеу жобасының басымды міндеті болып табылады.








