Қырғыз халқындағы Ұмай-ана культі
DOI:
10.26577/JH-2018-3-257Аңдатпа
Ұмай - Тәңірінен кейінгі екінші орында саналған, түркі халықтарының ежелгі әйел бейнесіндегі құдайы. Қазіргі заманғы түркі халықтарының арасында қазақ, қырғыз, хакас, алтайлықтар, башқұрт, т.б. халықтарға белгілі. Жер бетінде әйел бейнесіндегі құдайдың аса құрметтісі, жағымды күш, босанатын әйелдер, балалар мен отбасының қамқоршысы, тілеушісі. Ұмай босанатын әйел мен туылатын баланы қорғау үшін, таза деп саналған киіз үйдің сол босағасында отырған. Әйел бастауларының қамқоршылығы Ұмай есімінен, яғни атынан да көрініс тапты, бұл есім ана бастауы, ана жатыры, баланың кіндігі мағынасын берген. Ұмай ананың құрметіне киіз үйдің төргі бөлігіне көк матадан жасаған қуыршақ қойған, егер үйде бала ауырып қалса, сол қуыршаққа тамақ қоятын ғұрып болған. Жаңа туылған нәрестелер мен бесікте жатқан балаларды тербеткен, сондай-ақ балалар алты жасқа келгенше Ұмай ананың аса үлкен қамқорлығында болған. Ұмай ана балаларды зиянкес күштерден қорғап тұрған, олардың өмірі мен денсаулығы да Ұмайдың қамқорлығымен байланысты болды.








