Қазақстанның индустриалдық дамуындағы әлеуметтік-экологиялық мәселелер тарихнамасы 1970-1990 ж.ж

Авторлар

  • Е. Ф. Абдухаимов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

DOI:

10.26577/JH-2018-2-247

Аңдатпа

Бұл мақалада автор әлеуметтік-экологиялық мәселелер жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізген авторлардың еңбектеріне тарихнамалық талдау жасаған. ХХ- ғасырдың 2-жартысында
Қазақстанның өндірісі қарқынды дамыды. Өндірістің дамуы әлеуметтік-экологиялық
мәселелерді туындатты. 1970-1990 жылдарда Кеңес өкіметі дәуірлеп тұрғандықтан аталған
мәселелерді ғалымдар ашық түрде жаза алмады. Экономикалық және демографиялық даму,
Кеңес Одағының коммунистік партиясы шешімдерінің орындалуы туралы патриоттық рухта
еңбектер жазылған. Қазақстан қалаларының экологиясы осы кезде қатты нашарлай бастады.
Адамдардың денсаулықтарында белгісіз аурулар пайда болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін
бұл мәселелер туралы ғалымдар зерттеп ашық жаза бастаған. Автор аталған кезең бойынша,
мүмкіндігінше барлық зерттеушілердің еңбектерін қамтыған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-20

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы